Новости

Қаратау ауданы: Биыл 2500 түп ағаш көшеті отырғызылды

2022 жылы Қаратау ауданында аудан тұрғындарының қатысуымен Шымкент сити, Кеңжарық көшесі бойына және көп қабатты үй аулаларына 2500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Аталған жұмыстар көктем-күз мезгілдерінде тұрақты түрде атқарылатын болады.

Шымкентте қала әкімінің қала аумағында тазалық жұмыстарын жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді. Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қаратау ауданында санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. 2022 жылы санитарлық тазалық жұмыстарына бюджеттен 2,2 млрд. тенге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Бүгінде Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер бар. Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісті шығармайды.
Бүгінгі таңда қоқыс алаңшаларының айналасына тұрмыстық қатты қалдықтардан бөлек құрылыс қалдықтары, сынған шыны заттары, ағаш бұтақтары және т.б. қоқыстарға толып ластануда. Аталған қоқыс қалдықтары жеке сектордағы тұрғын үйлерден түнгі мезгілде жеткізілуде. Бұл өз кезегінде шағымсыз иіс шығарып, жергілікті тұрғындарға кері әсерін тигізуде.

Тазалық жұмыстарынан соң контейнелердің айналасы химиялық сұйықтықпен залалсыздандырылады. Алдағы уақытта бей-берекет қоқыстардың алдын алу бойынша, құрылыс қалдықтарын тастаған азаматтарды анықтап учаскелік полиция тарапынан әкімшілік шара көрілетін болады. Сонымен қатар, қоқыс алаңшаларына бейне камера орнату жоспарлануда.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Сөйлеу шеберлігіміз жоғары, киіну, жүріп-тұру қағидаларымыз қалыптастақанымен, қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің бағасына ие болатынымызды да естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы қаланың тазалығына үлес қоса алатынымыз анық. Мәселен, санамыздағы «тазалыққа жауапты адамдар бар» деген түсінікті терең ойлап көрейікші. Расында солай. Десе де олардың еңбегін бағалау – бәріміздің ар алдындағы, қоғам алдындағы міндетіміз. Осыдан кейін-ақ тазалыққа тек арнайы мекеме қызметкерлері ғана емес, барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button