Қаратау ауданы: Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелер мен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99%

Шымкент қаласы Қаратау ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша өткен жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99%. Аталған көрсеткішті 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Көп қабатты тұрғын аулаларындағы жалпы 93 қоқыс алаңшаларын ай сайын қызмет көрсетуші мекемелер «Экоспецтранс» ЖШС, «Шымкент спецкомплекс» ЖШС тарапынан айналасы тазаланып, дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қаратау ауданының аумағы 32 256 гектар, халық саны 266 мыңнан астам. Аудан аумағында 24 елді мекен, жалпы көшелер саны – 1272, демалыс орындарының саны – 7.
Шымкент қаласы Қаратау ауданына салыстырмалы түрде 2017 жылы тартылған бюджет көлемі 19,8 млрд.теңге болса, 2018 жылы 32,7 млрд. теңге, 2019 жылы 48,6 млрд.теңге, 2020 жылы 59,4 млрд.теңге, 2021 жылы 72,5 млрд.теңге, 2022 жылы тартылған бюджет көлемі 90,27 млрд.теңгені құрады.
Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. 2022 жылы санитарлық тазалық жұмыстарына бюджеттен 2,2 млрд. тенге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сондай-ақ, биыл аудан тұрғындарының қатысуымен Шымкент сити, Кеңжарық көшесі бойына және көп қабатты үй аулаларына 2500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Аталған жұмыстар көктем-күз мезгілдерінде тұрақты түрде атқарылатын болады.
Аудан аумағында 554 көп қабатты үй 192 аулаға біріктірілген. 2021 жылы бюджеттен 1,2 млрд.тг қаржы қаралып, 32 аулаға біріктірілген 53 көп қабатты үй аулалары толық абаттандырылып, 29 ашық спорт алаңы салынды. 2022 жылы 41 аулаға жаттығу элементтері мен ойын алаңдарының құрылысын жүргізу және 10 ашық спорт алаңша салу бойынша бюджеттен 1,46 млрд.теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда, 35 аулада құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, қалған 6 аула және 10 спорт алаңшаға мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жыл соңына дейін аяқталады.



