Новости

Шымкент: Еңбекші ауданында 43 мектеп орналасқан

Еңбекші ауданда 43 мектеп орналасқан, оның ішінде 37-і мемлекеттік 6-ы жекеменшік мектептер.        Аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттерінің бірі аудан аумағын  көріктендіру  және санитарлық  тазалықты қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнге осы бағытта және жылу маусымына дайындық жұмыстары қатаң бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 Мемлекеттік 37 мектептердің ішіндегі 3 ауысымға өту қауіпі бар мектептер бойынша келесідей жұмыстар атқарылды: №38 мектепке қосымша 375 орындық, №46 мектепке 300 орындық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Ал, №65 мектепке 600 орындық ғимараттың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталады.

«Ұлағат» шағынауданынан 1200 орындық мектеп салу үшін 2,5 га болатын жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылып, мемлекеттік акт алынды. Бүгінгі таңда ЖСҚ дайындау мақсатында құрылыс басқармасы тарапынан бюджеттік өтінім берілді.

Ауданда жыл басынан бері демеушілер есебінен аз қамтылған 1056 отбасыға азық-түлік себеттерімен көмек көрсетілді. Жалпы соммасы – 11 616 000 тг. Ал, 2022 жыл  басынан бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 6020 отбасы өтініштерін білдіріп, оның 5460 отбасыға мұқтаж, 317 отбасыға мұқтаж емес деген қорытындылар берілді. Қалған 243 отбасының құжаттары учаскелік комиссия қарауында.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы 19 шағынаудан мен 16 тұрғын алаптың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен нақтыланып, бекітілген.

Өткен жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылса, ағымдағы жылы бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қалған 31 мекенжайға арық орнату 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Ауданда 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жоба аясындағы аулаларды абаттандыру өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Нақтылап айтқанда, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасының І-кезеңінде 37 жоба бойынша 52 көпқабатты үйдің, 6 жеке секторлардағы балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. ІІ-кезең бойынша 12 жобаны іске асырып, 21 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жоспарда бар. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button