Новости

Шымкент: Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық тұқымдарымен толық қамтамасыз етілді

Шымкентте 2 мың гектардай бидай алқабы  орылып қамбаға 3 мың тоннаға жуық астық жиналған.

Бидай оруды қарқынды жүргізіп жатқан шаруашылықтың бірі «Агросервис БМБ» шаруа қожалығы. Қожалық мүшелері биыл өз иеліктеріндегі мың гектар жерге бидай еккен. Қазірдің өзінде дәнді дақылдың тең жартысын жинап үлгерген. «Оған ауа райы да қарасып тұр», — дейді шарулар.

Биыл  Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық тұқымдарымен толық қамтамасыз етілді.

Дала жұмыстарын жүргізуге шаруалардың өтінімдеріне сәйкес жеңілдетілген бағамен литріне 189-теңгеден босатылды.

Мәлімет үшін: 2021 жылы көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай литріне 157-теңгеден босатылды (күзгі 169 және 187 теңге).

2022 жылы өнімділікті арттыру мақсатында:

— минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына — 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.

— тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

— пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).

Айта кетейік, 2022 жылдың I-жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 114,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады. Тек тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 есеге өсті.

Биылғы жылы 30 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 6 айда 40,7 мың тонна өнім жиналды, жыл соңына дейін 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Салада құны 11 млрд. теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба іске асады. Атап айтсақ: қайта өңдеу 3 жоба, өндірістік жылыжай кешені 4 жоба, сақтау қоймасы 2 жоба, тауарлы сүт фермасы 2 жоба, құс шаруашылығы 3 жоба. Нәтижесінде жаңадан 274 жұмыс орны ашылып, қалада көкөніс өндіру көлемі – 2 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8,5 мың тоннаға, жеміс-көкөністерді сақтау 13 мың тоннаға, жұмыртқаның саны – 125 млн.дана, сүтті қайта өңдеу саласы – 2,7 мың тоннаға, құс етін өндіру – 5 мың тоннаға ұлғаяды және жеміс/көкөністерді қайта өңдеу – 6 млн. банка консервілейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button