Новости

Шымкент: «Бал текстиль» 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан Bal Tekstil кілем фабрикасы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласы көшбасшыларының бірі. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын жылдан жылға өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. Кілем тоқу өндірісіндегі жаңа қадам – кәсіпорын өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттырмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, тоқыма станоктары орнатылуда.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем және кілем өнімдерін шығаратын кәсіпорын өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 пайызы ішкі, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, техникалар толықтырылуда.

«Bal Tekstil» кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тонна полипропилен жібін және 5 млн шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» экспорттық нарықтарды игере бастады. Ал бір жыл бұрын Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны.

 

2020 жылы Bal Tekstil кілем өндірісі жанынан «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт ашылған болатын. Кілемшелер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір жуатын машинада жууға болады. Зауыт Түркиядан әкелінген технологиямен жабдықталған.
Құны 120 млн теңгені құрайтын жобаның өндіріс қуаттылығы –жылына 400 мың шаршы метр кілемше. Мекеме 14 адамды жұмыспен қамтыған. Жаңа өнімдер ішкі нарықтан бөлек, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталуда.
«Принт» кілемшелері сапалы әрі бағасы да қолжетімді. Өнім көлемін ұлғайту бойынша бірқатар жоспарлар бар. Өндіріс басшысы алда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған кілемшелер көбірек шығару назарда тұрғанын атап өтті.
Кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібінде көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тонна полипропилен жібін және 5 млн шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап фабрика экспорттық нарықтарды игере бастады.
Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп саласындағы тағы бір жаңалық – қалада жіп шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады. 2022 жылы инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба жүзеге асады. Атап айтқанда, Azala Cotton кәсіпорны аралас иірілген жіп шығаратын екінші цехын іске қоспақ. Инвест жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жылына 2500 тонна өнім өндіретін жоба жыл соңына дейін іске қосылғанда 200 адамға жұмыс орны ашылады. Өнімнің 100 пайызы ішкі нарыққа арналған.
Айта кетсек, биыл алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда қалада өнеркәсіп өнімі 10,1 пайызға өскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button