Шымкент: Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуы қарсаңында Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім беру объектілеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бар екенін ескертеді, онда меншік нысанына қарамастан барлық талаптар көрсетілген.
Білім беру мекемелері жаңа оқу жылында оқушылардың сапалы білім алуымен қатар, саулығының сақталуына да аса көңіл бөлуі тиіс. Мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдер медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар болуы тиіс.
Санитариялық ережелерге сәйкес білім беру объектілерінің аумағы қоршалып, аумағында функционалдық қатысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмеуі тиіс. Объектілер ауыз сумен, ыстық сумен, канализациямен, жарықпен, желдетумен, жылытумен қамтамасыз етілуі және жақсы жағдайда болуы керек.
Барлық үй-жайлар тазаланып, дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп, жәндіктердің, кенелердің және кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралары жүргізілуі қажет.
Жиһаздар мен заттардың жабдықталуы балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Қала мектептеріндегі асханаларда жеке кәсіпкерлер жұмыс атқарады, олар балаларды қауіпсіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Нысандарда басшымен бекітілген перспективтік мәзір түзіледі. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ, пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және темірі бар витаминдер, минералмен байытылмаған (фортификацияланбаған) бидай ұнын пайдалануға рұқсат етілмейді.
Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты маман дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бракеражды комиссиямен тамақтану сапасын бағалау кезеңмен жүзеге асырылады, комиссия құрамы міндетті түрде медициналық қызметкер, әкімшілік, өндіріс басшысы, ұйымның өкілін және ата-аналар комитетінің өкілін қоса отырып, нысан басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес, дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдыруы керек.
Өткен 2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 91 мектеп ерекше тәртіппен тексеріліп, 54 мектепте жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, анықталған санитариялық ережелерді бұзу фактілері бойынша жалпы сомасы 22 242 998 теңгеге 139 әкімшілік айыппұл салынды.
2022 жылғы тамыз айының басында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «ZOOM» платформасында Шымкент қаласы білім басқармасының, мектеп директорлары мен қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.
Семинар «Мектептердің 2022-2023 жылдардағы жаңа оқу жылына дайындығы. КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация» тақырыбында өтті.
Жиында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, жалпы білім беру ұйымдарында санитарлық ережелердің сақталуы және мектеп қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакцинация және ревакцинация алу қажеттілігі мәселелері талқыланды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 коронавирусты инфекциясының пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу ұсынылды.
Жалпы білім беру нысандары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күшейтілген бақылауында.
Оқушылар арасында аурушаңдықтардың тіркелуі
2022 жылдың 6 айында оқушылар арасында туберкулез ауруының 10 жағдайы (2021 ж. 6 айында – 3 жағдай), қышыма ауруының 40 жағдайы, 281 дерматомикоз жағдайы, 29 аскаридоз жағдайы, жіті ішек ауруының 19 жағдайы, А вирусты гепатитінің 1 жағдайы тіркелген.
Оқушылар арасында коронавирусты инфекция аурушаңдығы 2021-2022 оқу жылда (қыркүйек-мамыр) 1319 жағдай, ал жазғы демалыс кезеңінде (маусым айынан 22 тамызға дейін) 170 жағдай тіркелді.



