Новости

Шымкент: Балалардың жолдағы қауіпсіздігі — басты назарда

Шымкент қаласы аумағында «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы мақсатта Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің полиция қызметкерлері әкімшілік аумақта орналасқан білім беру мекемелерінің және көше қиылыстарында жаяу өткіншілер жолағында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында ата-аналар комитеттерімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Аталмыш шара мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Жаз бойғы демалыстан мектепке енді келген балалар тарапынан алғашқы уақытта жол қауіпсіздігіне деген немқұрайлылық, салғырттық болуы ықтимал. Осы уақытта жол жүру қауіпсіздігі ережелерін балалардың есіне тағы бір салып, мектеп оқушыларының амандығын сақтауға учаскелік инспекторлар, полиция қызметкерлері жаппай жұмылдырылуда.

Акция аясында білім беру мекемелерінде балалардың жол жүру ережесінің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, Полиция департаментімен білім беру ұйымдарының айналасында орналасқан көше жол тораптарының жағдайы зерделенетін болады.

Сонымен қатар, Полиция департаментімен білім беру ұйымдарының айналасында орналасқан көше жол тораптарының жағдайы зерделенетін болады.

Байлығымыз – балалар! Келешегіміз де сол бүлдіршіндер. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал. Өйткені, сақтықта қорлық жоқ…

Естеріңізде болсын: бала «жол ережесіне» өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді. Сондықтан, сіздің жолдағы үлгілі тәртібіңіз арқылы сіздің және басқа да балалардың жол ережесін сақтап, әр түрлі жол апаттарынан сақ болуына өз ықпалыңызды тигізесіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button