Новости

Есірткі жарнамаларының алдын алу бойынша сауда орындарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаладағы сауда нүктелерінде есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша іс-шаралар қолға алынып, тиісінше түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жауапкершілік қарастырылғаны атап көрсетілді.

Жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков: «Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сату нүктелерінде адамның түйсігіне бейсана түрінде әсер ететін есірткі заттары бейнеленген киімдер сатпауға шақырамыз», -деп атап кетті.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты есірткі тасымалдаған азаматқа қатысты үкім кесті. Ол есірткі затын тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды. Атап өтер болсақ, 29 жастағы азамат Шымкенттегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған танысына есірткі затын жеткізу мақсатында автокөлік жалдап, мекеме қорғанына жақындап, 3 дана домалақ пішінді жапсырмамен (скотчпен) оралған есірткі затын мекеменің қоршаудан асырып лақтырып, бой тасалаған.Оны дер кезінде байқаған түзеу мекемесінің бақылаушылары оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобын шақырған. Полиция қызметкерлерімен тәркіленіп алынған заттар, сараптама нәтижесімен жалпы салмағы 122,6057 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» және 66,7945 грамды құрайтын «гашиш» есірткі заттары екендігі анықталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, осы қылмысты жасаған Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button