Шымкент: Жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Шымкентте жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Мадияр Есенгелдіұлы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифингте мәлімдеді.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021-2022 жылғы жылу беру маусымында қала аумағында 56 өрт тіркеген, 2020-2021 ж.ж. (61 өрт тіркелген) жылмен салыстырғанда өртттердің саны 11%-ға азайған. Материалдық шығын 86 млн 895 мың теңгені құрады.
Өрттерден 1 адам қайтыс болып, жарақат алғандар жоқ.
Сонымен қатар, 2021-2022 жылдары улы газбен улану жағдайлары тіркелмеген, ал табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркеліп, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды.
Улану жағдайларының негізгі себептері газ қазандығының дұрыс жұмыс жасамауы, мұражаларының жоқ болуы, газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзу, ауа тартқыш арнасының бітелуі.
Жазатайым жағдайларды және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының және «Жастар ресуртар орталығының» еріктілерімен бірлесіп үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келді.
Сонымен бірге үй аралау кезінде ТЖД қызметкерлеріне 101 үйдің иесі есік ашпаған, 1 мың 255 адамға ескерту жасалынды, 178 кемшіліктер (газ құрылғыларды орнату тәртібін сақтамаған, ауа тартқыш арнасының болмауы, газ құрылғыларды уақытылы тексеруді жүргізбеу ) анықталып, 169-ы сол мезетте қалпына келтірілді.
Газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы қала көшелерінде 15 билборд орнатылды, интернет-ресурстарда, баспада қауіпсіздік бойынша материалдар жарияланды, қаланың 7 сауда орталығында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кинотеатрларда (көрсету басталғанға дейін), телеарналарда бейнероликтерді көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй секторын аралау кезінде арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілерде (instagram, telegram,facebook.), Төтенше жағдайлар министрлігі мен Департаменттің сайттарында жарияланды.



