Новости

Шымкент: ұлт ұстазының мерейтойын атап өту барысында мектеп жиын өткізілді

Жаңа оқу жылының екінші аптасында «Тілдер мерекесімен» орай, ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы тұспа тұс тойланып отыр.

2017 жылғы қазан айының 31 жұлдызында «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болып ресми бекітілген еді. Естеріңізде болса, бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік сыры бар. Өйткені бұл күн – қазақ халқының азаттық жолына басын тіккен, ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

2021жылы 21 қарашада Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жж. арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енген болатын.

Бүгінде елімізде ұлт ұстазының қызметін жан-жақты танытуға бағытталған халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен, педагог-ұстаздың мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында 05.08-09.08.2022 ж. аралығында апталық іс-шараларды ұйымдастырды.

Ұлт ұстазының мерейтойын атап өту барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде бірінші күні апталыққа арналған мектеп жиыны өткізілді. 8-10 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсыновтың туындыларын мәнерлеп оқудан әлеуметтік желілер арқылы челлендж жүргізуден бастау алды.

Сонымен қатар,«Алаш зиялылары және қазақ тілі» атты әдеби көрме ұйымдастырылды. Мектептің фоелері мен кітапханаларында А.Байтұрсыновқа арналған кітаптар көрмесі, бұрыштары ұйымдастырылды.

Апталық барысында гуманитарлық пән мұғалімдері оқушыларға мемлекеттік тілдің және орыс, ағылшын тілдерінің, қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын, бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында бірқатар шаралар жүргізді.

«Ұлылықтың отын жаққан шырақ» тақырыбындағы іс-шаралары апта бойы бекітілген жоспарға сәйкес жалғасын табады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button