Шымкентте «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында білім ордасында кездесу өтті

Шымкент қаласында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық ұйымының құрамындағы №92 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ермек Қаңлыбаев, салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қалалық ұйымы төрайымының орынбасары Валентина Ващенко мен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты. Басқосуда «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында бірлесіп орындайтын іс-шара жоспары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарының жайы талқыланып, әлеуметтік әріптес — мектеп директоры Бауыржан Дәрібаев пен кәсіподақ мүшелеріне бүгінгі таңдағы еңбек қатынастарында кәсіподақтың рөлі мен тиімділігі айтылып өтті.
Жиын соңында әрбір кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс пікірлері тыңдалды.
«Қалың қалай, бастауыш?» акциясы аясындағы кездесулер жалғасып, аталмыш акция аясында «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РКБ Шымкент қаласы филиалының құрамындағы «Бексұлу» бөбекжай-балабақшасының еңбек ұжымымен кездесу өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездескен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қазіргі таңда жұмысшылардың мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі жайлы және кәсіподақ еңбек адамының тірегі екенін айтты. Бүгінгі кездесудің еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшелерінен жалақы мөлшері, еңбек жағдайлары туралы және білім саласы қызметкерлерін толғандырған сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың бөлігі қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, кепілдіктер және жалақыға қатысты.
Жиын соңында кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз қозғады. Сонымен қатар, кәсіподақтар орталығында Заң клиникасы мен «Татуластыру орталығының» жұмыстары туралы түсіндірме беріп, арнайы жадынаманы таратты.



