Новости

Президент өз Жолдауында ертеңгі күнге деген сенімді еселей түсетін елеулі өзгерістерге тоқталды

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев: “Бүгін біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын зейін қойып тыңдадық. Президент өз Жолдауында ертеңгі күнге деген сенімді еселей түсетін елеулі өзгерістерге тоқталды. Бұл жолғы Жолдаудың алдыңғы жолдаудан өзгешілігі, Жаңа Қазақстан құру жолындағы жаңарған Ата заңымыздың аясында болып отыр.

Көпшіліктің ойында, халық көкейінде жүрген көп мәселелер осы жолдауда өз шешімдерін тауып отыр. Мен ең маңызды аспектілерді атап өткім келеді, бірақ әр бағыт өзінің өмірлік рөлін атқарады. Мәселен, кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізу, Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу, сонымен қатар, қайта сайлануға да шек қою. Бұл өте орынды шешім деп ойлаймын. Себебі, кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін осы уақыт мерзімінде толығымен іске асыру мүмкіндігі бар. Қайта-қайта сайланып супер жүйе бола алмайды. Мұның барлығы игі бастаманың басы екеніне сенімдімін!

Тағы бір ерекше тоқталғым кеп отырған жайт, бүкіл қазақ халқын қуанышқа жетелей жөнелген жаңалық – биыл «Балалар жылының» аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаның алдағы уақытта жүзеге асырылуы. Қолданысқа енгізгелі отырған жаңа бағдарлама аясында Қазақстан азаматы алдағы уақытта туылғаннан бастап кәмелеттік -18 жасқа толғанға дейін мемлекеттен, яғни ұлттық қордан өз тиесілі үлесін алып отыратын болады. Қордан балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылған қаржыны тек кәмелет жасына толғаннан кейін ғана иелене алады. Яғни, жастар бұл қаржыны баспана немесе білім алуына жұмсауға болады. Осылайша, ел Президенті халқымыздың жарқын болашаққа деген сенімін арттыра түсті.

Жолдауда айтылған бастамалардың ішінде айрықша тоқталып өткім келгені, Президент халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы – еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру бағытындағы өзгерістер жайлы айтып өтті. Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізбек. Осы мәселені Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының көптен бері көтеріп келе жатқаны баршаңызға мәлім. Мақсат – ең төменгі айлық мөлшерін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button