«Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.
Мәселен, сәуір айынан бастап «Сергек Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен миллионды қала — Шымкентте 114 751 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 60, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 4198, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 871 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 202, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 812, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 373, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 645 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 25, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 107 565 хаттама толтырылып, 2133 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
«Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан бері 6 531-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған 1842 жүргізуші де ұсталды. Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді. Ойланбастан жасалған сәтсіз тәуекелдің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осындай апаттың алдын алу барысында «Қорғау» қосымшасы — тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетедң. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің полицейлері ҚР Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың тікелей тапсырмасы бойынша тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету, халыққа жақын болу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында полиция құрылымдарының басшылары мен білікті мамандары азаматтарға жолда қабылдау өткізді. «Жолда қабылдау» акциясы 2022 жылдың 9-10-қыркүйек күндері таңғы сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жалғасты. Акция Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Арбат» аллеясында және Абай ауданы, Жаңа талап шағынауданында өтті. Акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру.



