Новости

Шымкент: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және арыз-шағымдары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем­лекет» құру тұжырымдамасы екендігін және азамат­тардың шағым-арыздарын тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә­не әділ шешім шығару қажет екендігін атап өтті.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Б.Салхожаев департаментінің 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың 8 айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне тұтынушылардан 1205 шағым түсті, бұл 2021 жылдың (491 шағым)  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 245%-ке артық.

Департаментке келіп түскен жалпы 1205 өтінішті салалар бойынша қарағанда: бөлшек сауда – 438; электрондық коммерция – 136;  көлік қызметі – 134;  қоғамдық тамақтандыру – 101; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 87; тұрмыстық қызмет көрсету – 74; байланыс қызметтері – 68; медициналық қызметтер – 50;  туристік қызмет көрсету – 47; қаржылық қызметтер – 41; білім беру қызметтері – 27; және жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін шағымдар – 2 .

Осы 1205 өтініштің 245- өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді немесе 20% түсіндірілген, 892- өтініш бойынша  қанағаттандырылды немесе 74% қанағаттандырылған, 46 — өтініш қайта бағытталды немесе 4% қайта бағытталған, 2- өтініш кері қайтарып алынды, 20- өтініш немесе 2% қаралу мерзімі келесі айға өтті.

Департамент мемлекеттік органдармен өзара  іс-қимыл жасау, өтініштерді қарау сапасын арттыру және талап-арыз жұмыстарын жүргізу арқылы тиімділікті арттыруда.

Ағымдағы жылдың 8 айында Департамент 10 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 90% құрады (2021 жылы 8 айда 1 тексеру жүргізілген). Жүргізілген тексерулер нәтижесінде орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 336,9 мың теңге айыппұл түрінде 4 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен (2021 жылы айыппұл сомасы 30,6 мың теңге құрайды), сондай-ақ 6 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартылып – ескерту берілді. Сондай-ақ Департамент бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша 2 кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартып – 2 ескерту берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button