Новости
Коронавирус жайлы ақпаратқа қанықсыз ба?

BasNews.kz ақпарат порталы сайт оқырмандары арасында «Коронавирус жайлы ақпаратқа қанықсыз ба?» деген тақырыпта сауалнама жүргізген еді. Қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.
Сауалнамаға барлығы 50 адам қатысты. Олардың 64 проценті яғни, 32 адам бұл сұраққа «иә» деп жауап берген. 32 проценті, яғни 16 адам «жоқ» десе, 4 проценті, яғни 2 адам «білмеймін» деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін сайт редакциясы «Коронавирусқа қарсы екпе ойлап табылса салдырар ма едіңіз?», «Үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке көңіліңіз тола ма?» және басқа тақырыптарда сауалнама жүргізген болдатын.



