МӘМС мақсаты табыс табу емес, тиімді медициналық қызмет көрсету

Бұл туралы«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Избасарованың Медициналық көмекті қаржыландыру және МӘМС жүйесін жетілдіру жоспарлары бойынша өткен баспасөз жиынында айтты.
Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 127 604, онын ішінде сақтандырлғандар 899 837 (79,8%), сақтандырылмаған азаматтар 227 767. Сақтандырылмаған 227 767 азаматты сақтандырып, МӘМС жүйесіне қатыстыру мақсатында, осы сұрақ қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлының төрағалығымен 10.11.2021 жылы, 28.02.2022 жылы, 29.06.2022 жылы Штаб отырысында қаралып, арнайы тапсырмалар берілген. Емхана қызметкерлерімен аулаларды аралау нәтижелері бойынша 227 767 азаматтың, 177 207 азаматқа хабарлама берілген, оның ішінде 118 632-і МӘМС жарналарын төлеуге келіскен, 58 575-і МӘМС жарналарын төлеуге дайын, бірақ мүмкіндігі жоқ екендігін айтқан. Яғни, аталған тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дер кезінде қажетті медициналық көмекке қол жеткізе алмау қауіпі анық, салдарынан әлеуметтік қорғалмай қалуы мүмкіндігі Штаб отырысында қаралып, нәтижесінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмыссыз ретінде тіркеу тапсырылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір осы азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға шілде айында енгізілген өзгерістер болатын.
Атап айтқанда, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды сақтандыру тәртібі өзгерді. Бұдан былай аталған санаттағы тұрғындар алдағы 12 айға жарна төлеп сақтандыру жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Мәселен, пациент МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін өткен жылдың берешегін өтемей, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарна аудара алады. Статус 3 күннен кейін беріледі, себебі екінші деңгейлі банктер төлемдерді 3 күн өңдейді.
Бұрынғы тәртіп бойынша сақтандыру статусына ие болу үшін өткен 12 айдың қарызын өтеу қажет болатын. Жаңа механизм 5-қыркүйектен бастап толыққанды іске қосылды. Сарапшылар болжамынша, бұл әдіс сақтандырылмаған азаматтардың шамамен 30 процентін сақтандырумен қамтуға мүмкіндік бермек.
Жалпы, осы мүмкіндікті пайдалана отырып барша азаматтарды МӘМС жүйесіне қатысуға шақырамын. Өйткені, сақтандырылған адам медициналық қызметті керегінше пайдалана алады. Мәселен, өз бетінше сақтандырылатын азаматтар бір жылда 36 мың теңге төлейді. Бірақ көрсетілетін қызмет саны мен көлемі бұл қаражатпен шектелмейді.



