Шымкент: Заң консультанттары да мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек (МКЗК ) көрсететін болады

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 459 адвокат (МКЗК көрсететіндердің саны – 119), 1 119 заң кеңесші жұмыстарын атқаруда.
Айта кетейік, өткен 2021 жылы Шымкент қаласының адвокаттары МКЗК шеңберінде 8624 тұлғаға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде — 7742 тұлғаға заң көмегін көрсетті.
Адвокаттар қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер шеңберінде өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады, сондай-ақ құқықтық консультация беру түрінде, оның ішінде құқықтық сипаттағы өтініштер, шағымдар мен құжаттарды жасауға көмектеседі.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстеріне сәйкес заң консультанттарына істер бойынша талапкердің немесе жауапкердің мүдделерін білдіру түрінде, сондай-ақ құқықтық консультация беру түрінде МКЗК көрсету құқығы берілген. Бұл түзетулер МКЗК алуға құқығы бар адамдар санатын арттырып отыр. Сонымен, құқықтық кеңес беру түрінде МКЗК:
1) Жеке тұлғаларға алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша,
2) жыныстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, лаңкестік актінің құрбандары немесе осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандар;
3) асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар;
4) еңбекпен байланысты денсаулығына келтірілген зиян немесе қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген Ұлы Отан соғысына қатысушылар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді әскери міндеттілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша;
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасылар;
7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, белгіленген кедейлік шегінен төмен (32 749 тг) жан басына шаққандағы орташа табысы аз қамтылған азаматтар (отбасылар).
Заң көмегі бюджет есебінен келесі азаматтық істер бойынша төленуі мүмкін:
- асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы;
- жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар;
4) көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді әскери қызметшілері, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша;
7) Заңға сәйкес ақталған адамдардың зиянды өтеуі туралы даулар бойынша.
Сонымен қатар, азаматтар адвокаттың немесе заң кеңесшінің көмегіне арнайы ақпараттық жүйе арқылы жүгіне алады. Ол үшін www.eup.kz сайтына кіріп, «қызметтер» бөлігін таңдап, «заңгерді табу» бағанасы арқылы қажетті критерийлерді толтырып, «менімен байланыс» сілтемесіне өтуі керек. Аз уақыт ішінде азаматпен кері байланыс орнатылады. Дәл осы сайтта «онлайн кеңеске» де жүгінуге болады. Қызметтіңбұлтүрі хат



