Новости

Шымкент: Өсімдіктер карантині мен өсімдіктерді қорғау саласы бойынша атқарылған жұмыстар

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев өсімдіктер карантині мен өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

«2022 жылдың 8 айы бойынша Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясына карантинге жатқызылған ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығаруға және облыс аралық тасымалдауға 3969 өтінім келіп түсті, оның ішінде 2811 өтінімге фитосанитариялық сертификат, 836 өтінімге карантиндік сертификат берілді және 316 өтінімге уәжді бас тарту жасалды. 8 айда экспортқа инспекция тарапынан 150791 тонна карантинге жатқызылған өнімдер шығарылды.

Екінші карантиндік, фитосанитариялық бақылау актілеріне 3301 бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізіліп, актілері толтырылды.

2022 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша жалпы 179 жағдайда жеке және заңды тұлғалардың «Өсімдіктер карантині туралы» Заңын бұзғаны үшін 13 814 130 теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде ірі сауда орындарына 112 рет бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 6 861 120 теңгеге айыппұл салынды» — деді спикер.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының негізгі міндеті өсімдіктер карантині саласындағы бақылау-қадағалау және қала аумағында өсімдіктер карантині бойынша қауіпсіз карантиндік фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Облыс аралық тасымалдау және сауда орындарында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік инспекторлар 17 жағдайда карантиндік объект-Калифорниялық қалқаншалы сымыр анықталды. 2 жағдайда карантинді объект-батыс гүл трипсі анықталып, сот шешімімен жою жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 563 қаулысына сәйкес белгіленген карантиндік аймақтардың жалпы аумағы 55,83 гектарды, оның ішінде карантиндік объект-Жатаған у кекіре 42,22 гектар, Арамсояу-13,58 гектар, Шығыстың жеміс жемірі-0,03 гектарды алып жатыр.

ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің Шымкент қаласы бойынша филиалының сигналды хабарламасына сәйкес қала аумағында карантиндік ошақтардың таралуын болдырмау мақсатында 27 нұсқама беріліп, уақытылы орындалды.

Ағымдағы жылы саяқ шегірткеге қарсы 1250 гектар аумақ «Ахиллес» препаратымен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 206 шара өткізілді және өсімдіктер карантині саласы бойынша БАҚ өкілдерінде 13 мақала жарияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button