Шымкент: «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» республикалық экологиялық акция аясында жалпы қалалық сенбілік болды

8 қазан 2022 жылы «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» Республикалық экологиялық акция аясында жалпы қалалық сенбілік болды. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқарма қызметкерлері бекітілген Тоқаев көшесін тазалап, қоқыстарды шығарды.
Қоршаған ортаға құрметпен қарау – әр адамның парызы. Мұны өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өткен болатын. Президенттің бастамасымен қолға алынған “Табиғатта қоқыс жоқ!” акциясы қазанның 8-і күні бүкіл республика көлемінде ұйымдастырылды. Шарапаты мол іс-шара облыс орталығының бірнеше ауданында өтті.
«Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» акциясы шеңберінде қоқыстан тазартуды қажет ететін орындардың тізімі анықталды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еріктілерге арналған жалпыұлттық экологиялық акция аясында ең ластанған табиғи орындарды анықтады. Тізімге азаматтардың көбіне баратын табиғи демалыс орындары, саябақтар мен алаңдар, өзендер мен көлдердің айналасы кірді.
2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты акциясының басталуы туралы жариялады. Акция табиғатқа тиімсіз, тұтынушылық көзқарасқа қарсы шыққандардың күш-жігерін біріктіруге бағытталды. Акцияның бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 8 қазанында республиканың барлық өңірлерінде басталады. Бұл күні экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, эковолонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысады.
Жалпы әр апта сайын өткізіліп келе жатқан тазалық шарасының нәтижесі көңілге қонымды. Бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қаладағы көрініс бірте-бірте реттеліп келе жатқаны көзге көрініп тұр. Дегенмен, тазалық мәселесіне немқұрайлық танытып, әдетіне басқан тұрғындардың қоқыстарын тазартылған аумақтарға тастап кеткен жағдайлары көңіл құлазытты. Сол тазартылған аумақтарды әрмен қарай ұқыппен қарап, бүлдірмей ұстап отырудың орнына қаланың сыртқы аумақтарына қоқыстарын тастаумен әлек,-деді қала тұрғыны.
«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді.
Құрметті қала тұрғындары қала тазалағын сақтайық. Қаламызды бірге көркетейік! Шымкент — бұл біздің қала!!



