Туркестанская область

Саяси, әлеуметтік теңсіздіктен арылудың кешенді бағыт жоспары

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған  ҚР Парламентінің бірінші сессиясында елдің саяси әлеуметтік дамуына арналған  жүйелі сөзінде негізгі ең қажет жеті мәселені көтерді. Жеті мәселе аса маңызды күтуді қажет етпейтін мәселе болғандықтан алғашқы сессияда айтылуы орынды.  ҚР Парламенті депутаттарының алдағы атқаратын жұмысына арқау деп ойлаймын. Бір жылға  жетер-жетпес уақытта бес  саяси науқан өтіпті. Президенттің заңның үстемдігі біліктілік туралы кейбір заңнамалық нормалардың  тиісті конституциялық заңдармен үндестік таппауы туралы ойы нағыз халықтың ойынан шықты. Созбалаңға салу дұрыс шешімдердің шықпауы заң қабылданған кезде зерделеудің төмендігінен.

Адвокаттардың рөлін арттыру, “Адам саудасы” заңын шығару күн тәртібіндегі мәселе. Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыратын салық болғандықтан “Салық кодексі” азаматтарға түсінікті  тілмен жазылу керек деген ой кез-келген салық төлеушіні мазалайды, сондықтан Президенттің сөзі қисынды “Салық кодексі” түсінікті әрі тұрақты болу керек. Қосымша құн салығы, табыс салығы туралы мәселелер шешілуі қажет сұраныс еді. Ірі кәсіпорындардың салықты көбірек түсіруі тек өндірістің ұлғаюына ғана байланысты емес, отаншылдығына әбден байланысты.  Өндірісті дамыту үшін ғалымдарға қолдау көрсету керек. Небір мықтыларымыз шет елдерде жүр. Өзімнің балам техника ғылымы  саласының ғалымы болғандықтан осы олқылықты болмысымызбен сезінеміз. Шет елге бармай елде қалған ұлым Хамитпен бірге  “Ғылым туралы” заңды шығару деген  Президент сөзіне кәдімгідей марқайып қалдық.

Ұлттық бірегейлікті, мәдени мұраны  сақтау, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, ұлттың ұлт болуындағы алғы шарттары да айтылды

Әсіресе, өнер майталмандары үшін “Қазақстанның халық әртісі” атағының қайта жаңғыруы үлкен қуаныш.  Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жәрдемақысы 14,5% ға өсетіні, тұрмысы төмен отбасындағы 1-6 жас аралығындағы берілетін  әлеуметтік көмек  қайта қаралатындығы, бала күтімімен отырған аналарға жәрдемақы беру 1 жастан 1,5 жасқа ұзартылатыны құптарлық дүние. Алайда, еңбекке жарамды азаматтардың әлеуметтік көмекке қол жаймау қажет дегенді қоса айтқанында үлкен салмақ жатыр. Қол аяғы сау азаматқа екі қолға бір күрек жұмыс әркезде табылатыны белгілі. Бұл жерде, сілкініс, талпыныс қажет.

Бұл жолғы сайлауда тек саяси партиялардан ғана емес өзін-өзі ұсынғандар көп болды. Қоғамның барлық топтары саяси өмірге араласты. Бұл елімізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуының белгісі. Баршаға бірдей мүмкіндік берілді. Соның айғағы ҚР Парламенті Мәжілісі құрамына 6 партияның өкілдері енді. Мемлекет басшысының реформалары шынайы халық қолдауына ие болды.  Депутаттардың рөлі күшейді. Пікіралуанды азаматтардан құралған, бірақ елдің өркендеуін мақсат еткен Парламент жұмысын бастады. Бүгінгі жиын әлеуметтік теңсіздікті жоюға, саяси аймақта пікірлер алуандығын қолдап елдің дамуы үшін жұмылдыруға шақырды. Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының тәжірибелі, халық қолдауына ие болғаны жөнінде айта келіп, белсенді жұмыс атқарады деген ойдамын деген сөздеріне барша партия мүшесі қуанған болар деп пайымдаймын. Реформалар  “Күшті Президент -Ықпалды Парламент-Есеп беретін Үкімет” қағидатына негізделіп жасалынғанын уақыт дәлелдеп жатыр.

Back to top button