Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жүйелі сыбайлас жемқорлық кездесетін 8 саланы қамтиды

Халықты толғандыратын мәселелерді жүйелі шешу мақсатында Агенттік еліміздің әрбір өңірі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арнайы карталарын әзірледі.
Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жүйелі сыбайлас жемқорлық кездесетін 8 саланы қамтиды.
Олар:
— Білім;
— Денсаулық;
— Жер қатынастары;
— Тұрғын үй;
— Әлеуметтік қамту;
— Мемлекеттік сатып алу;
— Құрылыс және полиция.
Проблемалық салалар кездейсоқ енгізілмеген, әрбір бағыт – азаматтар мен кәсіпкерлердің шағымдарын мониторингілеудің нәтижесі, талдау мен тергеу практикасының қорытындылары болып табылады. Жыл басынан бері екі саланы, яғни білім және жер қатынастары салаларын анықтап отырмыз.
Агенттік биылғы жылды кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға бағыттап отыр. Біз кәсіпкерлердің алдында тұрған нақты мәселелерді шешумен айналысатын боламыз. Кәсіпкерлік палатасымен бірлесе арнайы Мобильді топ құрылды. Бизнеспен 9 кездесу ұйымдастырылып, 200-ден астам кәсіпкерлер қатысты. Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар.
Халықтың сапасыз тұрғын үйге, нашар жолдарға, жұмысқа орналасу кезіндегі алымдарға, коммуналдық қажеттіліктер және тағы да басқа мәселелерге қатысты әлеуметтік шағымдары шешімін табуда.
Әкімдікпен бірлесіп, азаматтардың әлеуметтік санатына берілген 96 пәтер жөнделді. Мердігер 15 млн. теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, біздің араласуымыздан кейін «Бозарық» шағын аудандағы үй кезегіндегі азаматтарға арналған 360 пәтерге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Үйлеріне газ құбырларына дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгені үшін 20 мың теңгеден ақшалай қаражат жинаған «Тұран» мөлтек ауданы тұрғындарының шағымына сәйкес, Департамент әкімдік пен мердігер ұйым арасындағы келісімді қамтамасыз етті. Мыңнан астам тұтынушының үй қақпаларына кедергі келтірмеуі үшін газ құбырына тіректер 4 метрге дейін ұзартылды. Бұрын жиналған ақша тұрғындарға қайтарылды.
Сонымен қатар соңғы 11 жыл ішінде көпқабатты үйдің тұрғындары жартылай жылытылатын пәтерлерде қыстаған.
Тұрғындардың бірі Агенттіктің 1424 Call-орталығына жүгіндіп, әкімдікпен бірлесіп суық батареялардың көпжылдық мәселесі бірнеше күн ішінде шешімін тапты.



