Новости

Шымкент: Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшаларынды жасалады

Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалатынын Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Досанов Жандос Есенжанұлы баяндады.

Интернет-алаяқтық әрекеттердің сан түрлі жүйесін меңгеріп алғандар көбінесе қарапайым халыққа әлеуметтік желілер арқылы психологиялық шабуыл жасайтыны белгілі. Олар бірінші кезекте әлеуметтік желілер арқылы жеңіл табыс табудың жолдарын ұсынатын жарнамалармен елдің миын ашытады. Осылайша, олар халықтың қалтасына түсудің жоспарын құрады.

Халық телефон арқылы банктік мекемелердің атынан келетін кез келген хабарламаға айрықша назар аударып, қайта тексеріп отырғаны дұрыс. Рұқсат етілмеген операцияларды бұғаттау үшін телефон арқылы бейтаныс адамдардың бірінші талабы немесе ұсынысы бойынша банктік деректемелерді немесе SMS-хабарламалардың кодтарын жазып алудың, өзге жинақтарын банктің қандай да бір шотына аударудың ешқандай қажеті жоқ. Өз атыңызға картаны, абоненттік нөмірді ашу, оның ішінде осындай әрекеттерге басқа адамдарды тарту ұсынылады. Кейбір жағдайларда телефонға банкинг орнатуды немесе карталарды басқа адамдарға беруді сұрайды. Кейіннен көрсетілген карталар мен абоненттік нөмірлерді алаяқтар ақшаны алу үшін пайдаланады. Осындай оқиғалар орын алған кезде сауысқандай сақ болған жөн.

Алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларын нәтижесінде а.ж. өткен мерзімінде қаламызда бұл қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43% төмендеді (628/356), оның ішінде интернет-алаяқтығы 73% (210/57) азайды.

Алаяқтық қылмысымен күрес тобының жедел әрекет етуінен, бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші 65%-ке (221/365) артса, оның ішінде интернет алаяқтығының ашылуы тіпті 600%-тен асты (8/59).

Өзге істермен жедел іздестіру шаралары жан-жақты атқарылуда.

Қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргендігі анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button