Новости

Шымкент: Жазғы кезеңде күрделі өрт қауіпті жағдайды ескере отырып, 143 бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді

Республикадағы жазғы кезеңінде күрделі өрт қауіпті жағдайды ескере отырып, құрылған мобильді топтар құрамындағы рейдтік іс-шараларға және қолданылатын әкімшілік ықпал ету шараларына баса назар аударылды. Осылайша, 143 бірлескен рейдтік іс — шара өткізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 13 бұзушы тартылды, оның 13-і жалпы сомасы 1 млн.562 мың 130 теңгеге айыппұл салынды. Өткен жылы 81 бұзушы, оның 68-і ескерту түрінде тартылды (2022ж-0).  Жеке құрам саны 405 адамы бар 42 ерікті өртке қарсы құралым құрылды (қарулануда 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпалар бар).

Өткен 2022 жылдың қысы және көктемнің басы жаңбырлы болды, жауын-шашынның орташа мөлшері белгіленген мөлшерден бірнеше есе асып түсті. Бірақ қаланың азаматтық қорғау күштері мен құралдарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде, адамдардың жарақаттануына және қаза болуына байланысты қысқы және су тасқыны сипатындағы төтенше жағдайларға жол берілмеді.

Қаладағы жер асты суларының қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін 44 тік дренаждық ұңғымалар (Қазбакалейторг, ескі қала, № 2 горбольнице, Кен-баба паркі) автоматтандырылған. Сонымен қатар, ұзындығы 100 км. өзен арналарын механикалық және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді. Ирригациялық жүйенің құрылысы үшін және оларды ұстауға 657 млн. теңге бөлінді. Қала шегінде Жаңаталап ауданындағы Бадам өзеніндегі селден қорғау бөгетінің ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары 2 млн.815 мың теңгеге жүргізілді.

Шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа және шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталды. Шымкент қаласының аумағында шомылуға және демалуға арналған 21 орын бар. 5 су айдындарындағы демалыс орындары («Тоңазытқыш», «Рахат Бадам», Қошқарата өзенінің бастауы, Жайлау көл, дендропарк көлі), 18 демалыс орны — аквапарктер, бассейндер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button