Новости

Жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында мектептерде 24 интерактивті сабақ өткізілді

Жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, қала аумағында орналасқан бассейндер мен аквасаябақтардың басшыларымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел, мектептерде 24 интерактивті сабақ (Өткізілген интерактивті сабаққа 130 мектептің 27584 оқушысы қамтылды) өткізілді.

Ағымдағы жылдың басталуымен Департамент 2023 жылғы жазғы шомылу маусымына дайындық ретінде қала аумағындағы орналасқан Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер мектептің бірінші қабатында фойеде орналастырды.

Шымкент қаласының аумағында суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығының волонтерларымен бірлескен патрульдеу мен рейдтер күнделікті жүргізілді. Бұл іс-шаралар демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде өткізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Департамент шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 30 билборд пен стенд,
55 тыйым салуға арналған тақтайшаларды қала аумағында орнатты, телеарнадан 55 сөз сөйлеу, баспаларда 75 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 193 материал орналастырылды, 1560 әңгімелесу жүргізіп, 102046 дана үгіт-насихат материалдары таратылды. Сонымен бірге арнайы әзірленген бейнероликтер телеарна, ЛЭД экрандар арқылы, сауда орындарында көрсетіліп, 24 телеарнаны ұстап алу арқылы аудиожазбалар шығарылды.

Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу),
440-баптары (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 597 мың 285 теңге айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button