Новости

Шымкент қаласы бойынша азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласында атқарылған жұмыстар

Шымкент қаласы бойынша 146 жеке және 9 мемлекеттік сот орындаушы қызметтерін атқаруда. 2022 жылы жеке және мемлекеттік сот орындаушылары жалпы 491 722 атқарушылық құжат бойынша 337 млрд. теңгеден астам сомаға өндірістерді қозғаған. Оның ішінен 220 408 өндіріс 102 млрд. теңгеден астам сомаға аяқталған, 159 109 – ның талаптары нақты орындалып, 14,7 млрд. теңгеден астам өндірілді. Заңнамада мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттері нақты белгіленгендіктен, өндірістердің басым бөлігі – 99% — жеке сот орындаушыларының орындауына түскен.

Орындалуға жататын талаптарға тоқталатын болсақ, өткен жылы жалпы орындауда болған өндірістердің ішінен 295 992 іс (60%) — мемлекет кірісіне мәжбүрлеп өндірілетін ақша сомалары, 192 154 (39%) – заңды тұлғалардың (оның ішінде қаржы ұйымдардың) пайдасына өндірулер. Сонымен қатар, заңсыз салынған құрылыстарды бұзу, үйден (жайдан) мәжбүрлеп шығару, басқа да мүліктік емес сипаттағы жалпы 2 585 атқару құжаты орындауда болып, 1 638 бойынша өндірістер аяқталған, 947 іс биылғы жылға өткен.

Алимент өндіру санаттағы өндірістердің әлеуметтік маңыздылығы жоғары болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға толығырақ тоқталсақ. Өткен жылы алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 493 іс орындауда болып, 2 717 бойынша өндірістер аяқталған, биылғы жылға 12 776 құжат өткен. Айта кетерлігі, осы санаттағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде. Орындау барысындағы істердің ішінен 50%, яғни, 6 375 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр.

Сонымен қатар, үш айдан асатын мерзім ішінде өндірілмей жатқан «проблемалы» алименттік өндірістердің саны 619. Олар бойынша жалпы 992 442 251 теңгеге қарыз қалыптасқан. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі  — борышкердің тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы. Қазіргі таңда сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 430 алимент  борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқатылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button