Шымкент: 114 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді

Бүгінгі күні қаланың 991 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізіліп, 114 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді, сонымен қатар, 1452 кәсіпорындарда өндірістік кеңес жұмыс істеп отыр.
Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 70 кәсіпорын қосылды.
Бүгінгі таңға, өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.
Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылы 1 706 ұжымдық шарт Басқармадан мониторингтен өткізілді.
Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 44,33%.
Өткен жылға Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі 3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген.
Бүгінгі таңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек шарттарының электронды нысанда жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 4 168 кәсіпорында 73 475 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 106,9% құрады.
2023 жылы атқарылатын жұмыстардың басымдықтары:
1) Жұмыскерлерді қажетті деңгейдегі табыстармен қамтамасыз ету және уақытылы төленуін қамтамасыз ету:
2) Өндірістерде жазатайым оқиғалардың алдын алу:
3) Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу:
4) Ұжымдық шарттар түзу. Әлеуметтік жауапты кәсіпорындардың барлығы ұжымдық шарттар түзген. Халықаралық еңбек ұйымы ұжымдық еңбек қатынастарын рәсімдеуге шақырады.


