Новости

Есірткі сақтағаны үшін 34 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есіркінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіретінін атап өткен болатын.  Осы мәселеге орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті оқу орындарында кездесулер ұйымдастырып, жат әдеттерден аулақ болуға шақырып келеді.

Еңбекші аудандық сотында 34 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол қаладағы көшелердің бірінде оралған есірткі затын тауып алып, жеке өзі пайдалану үшін қалтасына салып жүрген. Алайда, оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлеріне ұсталып, есірткі тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданды.

Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін өкінетінін көрсеткен.

Сот үкімімен ер азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген “ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан бөлек, қаладағы көшелердің бірінде оралған қаптамадағы есірткі затын тауып алған, содан оны заңсыз иемденіп, өзі тұтынбақшы болғаны 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында сот үкімі шықты.  48 жастағы жергілікті тұрғынның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен. Сот үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button