Новости

Зорлық-зомбылықтың алдын алу аясында құқықтық кеңестер берілді

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі.

Осыған орай, Шымкент қаласының Әділет департаментінде жеке қабылдау өткізілуде.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болмаудың алдын алу және онымен күрес шараларын күшейту туралы Департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Абдуллаева, Адвокаттар алқасының адвокаты Ә. Қуатова және «Сана сезім» әйелдер бастамашылығы құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік қызметкері Р.Худайшукурованың қатысуымен Департамент ғимаратында өткен жеке қабылдауға қатысқан азаматшаға заң аясында құқықтық консультациялар және психологиялық кеңестер берді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің арнайы баптары бар. Отбасы тұрмыстық саладағы арнайы баптары бойынша жазаға тартылады. Кезінде криминалды іс болатын болса, қазіргі кезде ізгілендіруге байланысты әкімшілік жазаға жатады. Негізі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен адам 5-20 тәулікке дейін қамаққа алынады. Денсаулығына орташа ауырлықта немесе аса ауыр залал келтірілген болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-107 баптарымен іс қозғалады.

Ел Президенті Жолдауында әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Мәжілісте де арнайы жиын өткізіліп, «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы талқыланған. Нәтижесінде, «отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы заңға сәйкес, зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінген. Яғни, әрбір жәбірленуші қол жұмсау әрекетінің алдын алып, құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Бірақ көпшілік зорлық-зомбылық құрбандары әртүрлі жағдайларға байланысты полицияғя шағым-арыз түсірмей жатады. Сондықтан көптеген жәбірлеушілер жазаға ілікпейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button