Новости

Құқықтық сауаттылықты арттыратын кездесу

Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Рахметовтің төрағалығымен Департамент мамандары «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрайымы А. Кесебаевамен кездесті.

Басқосу барысында А.Кесебаева алдымен бірлестіктің қызметі мен өңір халқының құқықтық сауаттылығын арттыру аясында атқарылған жұмыстары туралы айтты. Бұдан бөлек, қызметкерлерге ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық алдын алу жайлы айтты.

Департамент мамандары көкейлерінде жүрген өз ойларын ортаға салып, толыққанды жауаптар алды. Сұрақтардың көпшілігі сыбайлас жемқорлық алдын алу жайлы болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған және 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруға бағытталып, жұмыстар атқарылуда.
Құжаттың басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен бірге құжаттағы нормалар мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың көрінуінен туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі формальды және тәртіптік сипатта болғандықтан, әрі материалдық игіліктер алуды көздемейтіндіктен, заң жобасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көріністері енгізілген. Осы заңда  «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлыққа тәуекел» ұғымдары ашылады. «Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылады.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button