Новости

«Дендрологиялық саябақта» жазғы өрт қауіпсіздігін алдын алу жұмыстары жүргізілді

Абай ауданы ТЖ басқармасы және мамандандырылған жасақтың қызметкерлері аудан аумағында орналасқан «Дендрологиялық саябақта» жазғы өрт қауіпсіздігін алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Саябақ аумағына 9 шақырым минералды жолақ жырту (опашка) жұмыстары жүргізіледі. Іс-шара барысында саябаққа келуші тұрғындарға арнайы дайындалған жадынама парақтары таратылып, өрт сөндіру техникалары арқылы қауіпсіздік ережелері ескертілді.

Дендрологиялық саябақта құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының 20-ға жуық қызметкерлерімен кездесіп, өрт сөндіру құрал саймандарының әзірлігі тексерілді.

Қала аумағындағы сондай-ақ орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып өткізілді. Жаттығудың мақсаты: орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтау, өртке қарсы қызметінің және орман шаруашылығы күш-құралдарының бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес хабарлау, уақытылы күш құралдары жинау, өрт сөндіру дағдыларды жетілдіру, жергілікті атқарушы органдары мен басқа да қалалық коммуналдық, полиция, жедел жәрдем, электрмен қамтамасыз ету қызметтерін жұмылдыру, бірлескен іс әрекеттерінің тиімділігін көтеру.

Орман шаруашылығына жақын орналасқан жайылымда мал бағып жүрген тұрғындардың абайсыз отты пайдалану салдарынан жазық далада өрт шығып, оңтүстік-шығысқа соққан желдің бағытымен тарқап «Жасыл белдеу» КММ-нің қарамағындағы орманға өтуге қауіп төне отырып, үлкен көлемде бірнеше бағытта өрт тарқалады. Желдің жылдамдығының жоғары және шөптің қалың, құрғақ болғандығынан өрт өте жылдам үш бағытта тарқай бастады. Өрттің тарқалу бағытында орналасқан орман шаруашылығына, Сауле тұрғын алабына, Ақтас тұрғын алабының жайылымдағы малдарына қауіп төнді. Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша шартты өртті сөндіруге өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру кезекші қызметі, 3 өрт сөндіру автоцистернасы, 15 жеке құрамы, қалалық «ЛД-Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек» ЖШС су таситын көліктері, жедел жәрдем бригадасы және өрт сөндіруге бара жатқан техникалардың жылдам, қауіпсіз жетуін реттеу үшін ПД жол патрульдік полиция топтары жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button