Новости

Шымкент қаласын қазіргі таңда өрт қауіпсіздігімен 10 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді

Шымкент қаласын өрт қауіпсіздігімен қазіргі таңда 10 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бір жедел-құтқару жасағы бар. Сондай-ақ аумағының өсуі мен халық санының артуына орай миллионды қалада жергілікті атқарушы органның есебінен 5 өрт сөндіру депосы мен 1 жедел-құтқару жасағы ғимаратының құрылысы жоспарланған.

Бүгінгі күні 3 өрт сөндіру бөлімінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.  Қаламызда бой көтеріп жатқан өрт сөндіру бөлімінің құрылысымен танысу үшін «Хабар-24» телеарнасының журналистері арнайы келді. Баспасөз-туры барысында №3 және №6 өрт сөндіру бөлімдерінің құрылысымен танысып, Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.Райханов сұхбат беріп, бұл бағытта жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып берді .

Күнделікті өмірлерін тәуекелге тігіп, адам өмірін құтқару үшін барын салатын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін де, қала халқы үшін де бұл құрылыстардың маңызы аса зор.

Шымкент  қаласында өрт сөндіру қызметі 1930 жылы ұйымдастырылып, оның құрамында 51 адам болды. Ол уақытта қала көлемі ұлғайып, үлкен индустриалды орталыққа айналған еді. Қалалық өрт сөндіру тобы 2 өрт сөндіру автокөлігі және 10 атпен жарақтандырылды. 1932 жылы Шымкент  өрт сөндіру қызметі басқармасы құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы   № 702 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгертіліп, орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылды. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button