Новости

Шымкенттік өрт сөндірушілер спортқа ерекше көңіл бөледі

Өрт сөндіру ісінде жақсы физикалық дайындық керек. Олар қолданатын құрылғылардың салмағы ауыр, соған қарамастан, жылдам қозғала білу керек.

Шымкенттік өрт сөндірушілер ең бастысы физикалық тұрғыдан мықты болуы қажет деген қағиданы ұмыт қалдырмай, үнемі спортқа ерекше көңіл бөледі. Тіпті тартысты жарыстарды да өткізіп, дайындықтарын арттырып отырады. Осы орайда өрт сөндірушілердің арасында самбо күрестен, валейболдан, стол тенисінен жарыстар өткізілді.

Тратысты жарыста самбо күресінен командалық стенка бойынша 1-ші орынды №2 өрт сөндіру бөлімі, 2-ші орынды №7 өрт сөндіру бөлімі, 3-ші орынды №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі иеленді.

Валейболдан 1-ші орынды №1 мамандандарылған өрт сөндіру бөлімі, 2-ші орынды №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 3-ші орынды №2 өрт сөндіру бөлімі алды.

Стол тенисі бойынша 35 жасқа дейін қатысушылардан 1-ші орынды №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ә.Жұманов

2-ші орынды №8 өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы А.Юлдашев, 3-ші орынды №4 өрт сөндіру бөлімінің газ-түтіннен қорғау аға шебері Е.Дуйсебаев ие болды.

Ал 35 жастан кейінгі қатысушылардан 1-ші орынды №2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы К.Дуйсенбек, 2-ші орынды №3 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Қ. Құлтасов, 3-ші орынды №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Қ. Кульбаев иеленді.

Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Жылжымалы сатыға көтерілуді, газқағарды қолдануды, қалың түтінде қозғалуды, жүгіруді, секіруді, ауыр заттарды көтеруді үйрену керек, бірақ ең қиын нәрсе – ол әр сәтте біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын болу. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын. Көбінесе өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады. Өрт айтып келмейтін қорқынышты апаттың бірі. Өрт болған жағдайда көпшілік адам не істеу керегін білмей, от құрсауынан шығудың жолын таба алмай, абдырап қалады. Және сондықтан олардың тірі қалуға мүмкіндігі азаяды. Алайда бұл сәтте оларға өрт сөндірушілер көмекке келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button