Новости

Тәуелділік түбі – құрдым

Қызмет бастығының орынбасары, әрі жедел-құтқару жасағының басшысы-құтқарушы О. Туртбаевтың айтуынша, қазіргі қоғамның қорқынышты дерті-алкогольдік ішімдіктер мен есікірткіге, түрлі құмар ойындарға тәуелділік. Адамның өміріндегі ең құнды дүние денсаулық болса, оған саналы түрде осы зиянды заттарды пайдалана отырып қауіп төндіру дінімізге де, заңымызға да қайшы. Алайда біз бұны тек тұрақты түрде күрес жүргізе отырып азайта аламыз, алдын аламыз. Сол үшінде түсіндірме жұмыстарын да, заңмен тыйым салу бағытын да жүзеге асыру керекпіз.

Осы орайда Шымкент қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына нарколог және теологпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шаруашылықты жүргізу құқығында психикалық денсаулық орталығының дәрігер нарколог маманы Майра Бейсенбекқызы Садыкова алкогольды ішімдіктің, нашақорлықтың адам өмірі үшін қауіптілігі, оларға тәуелді болудың ауыр салдарлары туралы кеңінен айтып берді. Дін педагогика және психологиясы ғылымдарының PhD докторы, халифа Омар мешітінің бас имамы Жандос Орынбайұлы Ырысбаев өз кезегінде бұл зиянды заттарға жастардың әуестігі әлемді алаңдататын мәселе екенін атап өтіп, дінімізде де бұл құпталмайтындығын ескертті.

Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы А. Қалқаман бұл тәуелділіктің психологияға әсері туралы айтып, «Бұл зиянды тәуелділіктер қаншама тағдырларды өз жолынан адастырып, теріс бағытқа әкетті. Қаншама жанның өмірі күрт үзілді, қаншама бала жетім қалды… Ішімдікті серік еткендердің денсауылығында туындап жатқан проблемалар да жеткілікті. Ішімдік – бұл спирттік сусындарды ішуге физикалық және психикалық әуестігі бар күрделі ауру. Әртүрлі жастағы ер және әйел адамдар, кей кезде жасөспірімдер мен балалар да ішімдіктің құрбаны болады.
Біздің қоғамымыздың міндеті адамдарды осы қауіптен қорғау, ішімдік салдары және оның дамуы туралы ақпараттың қол жетімдігі мен таралуына ықпал ету, дені сау адамдарға спирттік суысын ішудің қатерін түсіндіру, жаңадан ішуді бастап келе жатқан ішкіштерді тоқтату және науқастарға көмектесу. Бұл үшін қорғаныс факторларын нығайту (ішімдікті ішу жағдайлары) және қауіп факторларын төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу керек»,-деп атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар арасында түрлі сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар берілді.

Бұл зиянды заттарға тәуелділік барша адамдар үшін қауіпті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button