Шымкенттегі сынақ өрт зертханасы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы істерге тергеу жүргізуге көмек көрсетеді

20 жылдан астам уақыт бұрын Оңтүстік Қазақстан аумағында жаңа қызмет – сынақ өрт зертханасы ашылды. Зертхана жұмысының мақсаты: өрт туралы істер бойынша сараптама жүргізу, объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін сынау, өрт қызметінің ғылыми-техникалық және сынақ қызметін ұйымдастыру. Негізгі міндеттерге өрттерге және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы істерге тергеу жүргізетін қызметкерлерге көмек көрсету жатады.
Шымкент қаласы ТЖД зертханасының штат саны 2 бірлікті құрайды. 2023 жылдың 3 айында зертхана қызметкерлері өрт фактілері бойынша 48 өрт-техникалық қорытынды берді. Қылмыстық істер шеңберінде тергеушілердің немесе ТЖД анықтау бөлімінің қаулысы бойынша зертхана қызметкерлері ағымдағы жылы 11 рет, әкімшілік құқық бұзушылық шеңберінде 37 рет тартылды.
Зертхана мамандары қаладағы ең ірі және күрделі өрттерге тартылады. Алайда, өртке шығу санының оң динамикасы өңірдегі елеулі өрттердің ұлғаюы туралы емес, сарапшылардың аспаптық базасын жетілдіру, оны өрт орындарын зерттеу кезінде қолдану және өрттерді ыстық іздер бойынша тергеу туралы куәландырады.
ГАЗ 27057-0034 маркалы автомашинаның базасында 19 сынақ, өлшеу, қосалқы аспаптар, «Шлиф» және «Альтами» (микроскоптар) 2 қондырғылары бар.
Бұл туралы зертхана мамандары арнайы ұйымдастырылған баспасөз-турында Отырар телеарнасының журналисттеріне сұхбат берді.
Азаматтық қорғау органдарының құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарының барлық спектрін, оның ішінде аса күрделі және қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүзеге асырады. Бұл:
— табиғи және техногендік ортадағы авариялық-құтқару және жұмыстар;
— химиялық, радиациялық зақымдану аймақтарында, биік таулы жерлерде және жетуі қиын аудандарда, арнайы жабдықтарды қолданумен, тікұшақ техникасынан десант түсіруді және т. б. қолданумен байланысты күрделі объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстары;
-су астындағы сүңгуірлік-іздестіру жұмыстары;
— өлі денелермен немесе денелердің фрагменттерімен жұмыс атқарады.



