Новости

Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін нығайту мақсатында алғаш рет «SOS» дабыл түймесі іске қосылды

Қала аумағында орын алған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болған азаматтар «SOS» түймесі арқылы полициямен шұғыл байланысуға мүмкіндік алды.  Бұдан бөлек, тұрғындар ұялы телефонының қуаты сөніп қалса, бағалы мүлкі мен құжаттарын жоғалтып алса немесе өзін жайсыз сезінген жағдайда дабыл батырмасын басу арқылы полицияның көмегіне жүгінеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ-нің нұсқауымен Шымкентте полиция қызметін цифрландыру бойынша бірқатар жаңа қосымшалар қолданысқа енгізілді.  Оның ішінде, Шымкент қаласы «Mega Planet» ойын-сауық орталығының алдына алғаш рет Жедел басқару орталығына қосылған «SOS» дабыл түймесі орнатылды.

Мұндағы басты мақсат, мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін бұрынғыдан да нығайтып, кез-келген жағдайда азаматтарға қолжетімді болу.

Орнатылған құрылғының ерекшелігі — тәртіп сақшылары шұғыл байланысқа шыққан адамның жай-күйі мен оның маңындағы ахуалды бейне-аудио байланыс арқылы толық бақылай алады.  Сондай-ақ, бейнебақылау инспекторлары көмекке арнайы автоэкипаж жолдап, жағдайды дер кезінде реттеуге мүмкіндік бар.

Алдағы уақытта, шаһарымызда тағы 25 жаңа дабыл батырмасын іске қосу жоспарлануда.

Бұнымен қоса, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде өткізіп келеді.  Іс-шараның негізгі мақсаты — қала аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта ойын – сауық орындарында болған, ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды, мектептерде құқық бұзушылыққа бейім лидерлерді анықтау.

Шара барысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 574 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша – 18, ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 1 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша – 21 жасөспірім анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button