Новости

Шымкенттік полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді

Шымкенттік полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Дегенмен, ережеге бағынбайтын жол көлік оқиғасының себепкерлері азаймай тұр. Мәселен, шаһарымызда соңғы 1 ай көлемінде 30 жол апаты тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 тұлға түрлі дене жарақатын алған.

Жол көлік оқиғасының негізгі себебіне жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, көлікті мас халде басқаруы, ара қашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығуы жатады.

Өз кезегінде, шымкенттік тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Көлік тізгіндеуші өзінің амандығымен қатар, өзгелердің де саулығын ойлауды ескертеді.

Шаһардағы жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қала көшелері мен жол белгілерінің жәй-күйіне көктемдік кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді.

Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполисте автокөлік жолдары 2347 шақырымды құрайды.  Яғни, осы асфальт жолдарда көлік қозғалысын реттеуге арналған 290 сигналды бағдаршам, 13 700 жол белгісі мен 35 мың метр квадраттан астам жол таңбалары сызылған.

Нәтижесінде, анықталған кемшіліктерді түзету үшін ( жол белгілерін орнатуға, жол таңбаларын жаңартуға, ойық-шұңқырларды қалпына келтіруге) жергілікті атқарушы органдарға 595 нұсқама берілді. Сәйкесінше, биыл 12 орынға жаяу жүргіншілерге арналған белсенді бағдаршам мен 15 қиылысқа автокөліктерді реттеуге арналған сигналды бағдаршам қойылды.

Бұған қоса, жол қозғалысын реттеуге арналған 1079 белгі орнатылып, 220 жол белгісі қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ, жолдарда, құрлыстарда күтіп-ұстау талаптарын дұрыс орындамағаны үшін 59 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері азаматтарды жолда абай болуға және орнатылған белгілер мен ережелерге қатаң бағынуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button