Новости

Шымкентте тәртіп сақшыларымен психологиялық семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінде басшылық және жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен психологиялық семинар-тренинг өтті. Іс-шара барысында психолог мамандар полиция қызметкерлеріне азаматтармен қарым-қатынас орнату кезінде сыпайылық таныту, өзін қарапайым әрі сабырлы ұстау және кәсіби құзыреттілігін дұрыс пайдалану туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, әлеуметтік-психологиялық бейімсіздену көріністерінің, қызметтік психологиялық жарақаттардың, жарақаттан кейінгі күйзелістің алдын алу жолдары жайында сөз қозғады. Ажырасудың алдын алуға, отбасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған тақырыптарда талқыланды.

Семинар-сабақта арнайы слайд пен бейнематериалдар көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қызу талқыланды. Тәртіп сақшылары жеке пікірлерін ортаға салып, мамандардан психологиялық кеңестер мен бағыт-бағдар алды.

Одан бөлек, полицейлердің бұлшық ет қысымын босату, эмоциясын тұрақтандыру, кәсіби шаршаудың алдын алу, өтпелі және жедел стрестен арылу мақсатында «Дыбыстық гимнастика», «Тыныс алуды бақылау» психотехникалық жаттығулары мен «Нейробикалық жаттығулар» жасатты.

Сонымен қатар, тренингке қатысушылардың есте сақтау қабілетін, ойын толық жеткізу, сөздік қорын арттыру дағдыларын пысықтайтын «Ақпаратты дұрыс жеткізу» жаттығуы өткізілді. Тәртіп сақшылары пайдалы ақпаратқа толы жиыннан кейін, сергек көңіл-күймен қызметтеріне тарады.

Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.Жаттығу жұппен орындалады. Жұптың біреуі 3-5 мин. Ішінде екіншісіне өзін мазалап, абыржытып жүрген маңызды нәрсесін әңгімелейді. Ол үнсіз тыңдайды, тек вербальды емес мінез-құлыққа рұқсат беріледі. Одан кейін серіктестер рөлін ауыстырады. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын топ жетекшісі белгілейді. Жаттығу аяқталған соң жұптар 1-2 минутта күйзелістерімен алмасады. Содан кейін жаңа жұптар жаттығуды тағы орындайды.

Талдау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жаттығуда не қиын , не оңай болды.? Жаттығу барысында қандай сезімдер болады? Мұқият тыңдау, қолдау көрсету сезілді ме? Серіктесінің қандай әрекетінде ол көрінді. Не кедергі жасады, не көмектесті? Әр серігін тыңдағанда өзгешелік болды ма?

Басқа жаңалықтар

Back to top button