Шымкентте полицей балаларды қағып кетпеу үшін, құрылысы аяқталмаған ғимараттың іргетасына соғылды

Тұран ауданы полиция басқармасының «Chevrolet Cobalt» қызметтік автокөлігі шақыру бойынша оқиға орнына бара жатқан жедел-тергеу тобымен ЖКО жасады.
Белгілі болғандай, кенеттен бірнеше бала көшенің арғы бетінен жүгіріп өткен. Осы кезде көлік жүргізушісі қайғылы салдардың алдын алу үшін шұғыл жол жиегіне бұрылып, құрылысы аяқталмаған ғимараттың іргетасына соғылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізілуде.
Апаттың алдын алу үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолда абай болуларын сұраймыз.
Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы мектепте оқушылармен кездесу өткен болатын. Іс-шарада Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция майоры Ербол Елеупов балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым, есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығын кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Кездесу аясында полиция майоры Е. Елеупов қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.


