Новости

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаменттің басым міндеттерінің бірі болып табылады

Өңірдің климаттық жағдайына байланысты, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні, республика бойынша су айдындарында 17 адам суға батты, оның ішінде үшеуі бала. Қала бойынша жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген (Қаулы 13.05.2021ж. №289) оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Қазіргі таңда шомылуға рұқсат етілген су айдындарының түбін тазалау бойынша дайындық жұмыстар жүргізілуде. Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, тыйым салынған 13 орын белгіленген және осы орындарға шомылуға тыйым салынған туралы тақтайшалар қойылған.

WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «Ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Департамент Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер орналастырылды.

Судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша сәуір айынан бастап 672 адам қамти отырып, 36 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді.  Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі. Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен қауіпті учаскілерде кезекшілік ұйымдастырылады.2022 жылы 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 597 мың 285 теңге айыппұл салынды.    Аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша қазіргі таңда бассейндердің иелерімен 3 меморандум (1 Әл-фараби,  2 Қаратау) бекітілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button