Еңбек қатынастары заңнамасын бұзғаны үшін 2,8 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілді

2023 жылдың бірінші тоқсанында Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен азаматтардың 490 өтініші қаралды. Нәтижесінде 80 тексеру жүргізіліп, 98 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 93, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 5. Анықталған бұзушылықтардың 72 жойылып, заңға сәйкестендірілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 46 нұсқама беріліп, 5,1 млн.теңгеге 24 айыппұл салынды, оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілді.
Еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің жалақы қарыздары өтелді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді.
Қазіргі уақытта, 2 кәсіпорынның 72 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 8,5 млн.теңгені құрайды. Атап айтқанда, «Rio Med» ЖШС-гі 71 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 7,9 млн.теңгені құраса, «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкерге алдында жалақы қарызы 0,6 млн.теңге құрайды.
Берешекті мәжбүрлі түрде өндіру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес іс құжаттары жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолданып, сот орындаушылар тарапынан жұмыстар жүргізіліп отыр.
Айтып өтейік, Шымкентте еңбек адамдары арасында «еңбек жолы» конкурсы өтеді. Қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп келеді. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады. Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеу. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды. Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады. Байқауға өтінімдер 1 шілдеге дейін төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады.


