Новости

Шымкентте 1009 жұмыс орнына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 1009 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

Сонымен қатар, өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Қосымша атап өтетін жағдай, бұл ҚР Еңбек кодексінің 23 бабының 2 тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңының 8 бабына сәйкес Жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Шымкент қаласының 7558 әрекеттегі компанияларының 2538 ғана сақтандыру келісім шарттарын жасаған (33,6%).

Сондай-ақ, «Vision zero — нөлдік жарақат» тұжырымдамасына Шымкент  қаласының 70 кәсіпорны қосылды. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді. Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 70 кәсіпорын қосылды.

Айтып өтейік, қалада 2023 жылдың бірінші тоқсанында  мемлекеттік еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді. Қазіргі уақытта, 2 кәсіпорынның 72 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 8,5 млн.теңгені құрайды. Атап айтқанда; «Rio Med» ЖШС-гі 71 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 7,9 млн.теңгені құраса, «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкерге алдында жалақы қарызы 0,6 млн.теңге құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button