Новости

Қаладағы ең танымал және аумағы бойынша ең үлкен саябақтардың бірі дендрологиялық саябақта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде дала-орман өрттерін алдын алу жұмыстары басты назарда. Осы ретте Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары қаладағы ең танымал және аумағы бойынша ең үлкен саябақтардың бірі дендрологиялық саябақта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша саябақтың аумағында жинақталған құрғақ шө және қүраған ағаш бұтақтары жанып, саябаққа таралу қауіпі орын алды.

Дендросаябақтың негізінде құрылған ерікті өрт сөндірушілер құралымдары өз күшімен шартты өртті сөндіруге кірісті. Қосымша Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің #5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен техникасы көмекке келді.

Шартты өртті сөндіруге 50 адам және 5 техника жұмылдырылды. Үйлесімді іс-әрекеттердің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді.

Орман өртін анықтаған кездегі іс-әрекеттер:

Егер орманда немесе оған жақын жерде жанып жатқан отты көрген кездегі алғашқы міндет – өрттің әрі қарай өршуіне жол бермеуу. Ол үшін отты сөндіріп, жанған жерді мұқият қарап от шоқтарының жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Өртті өз бетінше сөндіру мүмкін болмаған жағдайларда өрт туралы ақпаратты«101», «112» телефон нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке, орман қорғау органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына немесе полицияға хабарлау қажет.

Орманда жануды сөндіру кезінде ең көп таралған әдіс- өрттің шетінен  жасыл жапырақты ағаштармен сабалап сөндіру. Өрт жиегін, жанып жатқан материалдарды салқындататын және олардың әрі қарай жол бермеуіне топырақты лақтыру арқылы сөндіру көмектеседі.

Өрт сөндіру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жоғарғы орман өрттерінде, ағаштардың ұшар басы жанғанда, су айдындарының жағалары, ірі алаңқайлар, қылқан жапырақты өскіндері жоқ жапырақты орман пана бола алатынын білуіңіз қажет. Қылқан жапырақты орманмен тәжі төмен жас өсімдіктерден қоршалған жолдарды іздеп  керек емес.

Ормандағы тәртіптілік, саналы мінез-құлық және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін қатаң сақтау ормандарды өрттен сақтауға кепілдік береді.

Абайлаңыз және өрттің алдын алу – орман өрттерімен күресудің ең тиімді әдісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button