Новости

Шымкенттік құтқарушылар науқасты тасымалдауға көмек көрсетті

Шымкент қаласы, Бекетті көшесіндегі жеке тұрғын үйден науқасты тасымалдауға жедел жәрдем қызметкерлері «112» құтқару қызметіне хабарласты.

Үйдің ішіндегі науқасты (салмағы ауыр болған) тасымалдауға көмек көрсету үшін, құтқарушылар мекенжайға тез жетіп барды.

Науқас қаладағы №-2 ауруханаға жеткізілді.

Шымкентте Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойынша сағат 15-28-де, жалпы ауданы 2400 ш.м. құрайтын бір қабатты қоймада 280 ш. м. алаңда шатырдың жануы орын алды. Сағат 16-20-да өрт оқшауланып, 16-32-де сөндірілді. Өртті сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолы 6% күйік шалған. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 50 адамы және 11 техникасы және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 адамы жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, «112» қызметіне Шымкент қаласы Әлімбетов көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінің балконынан профнастилі жартылай құлағалы тұрғаны туралы хабарлама түсті. 4 адамнан құралған құтқарушылар тобы оқиға орнына барып альпенистік құралдар арқылы профнастилді орнына бекітіп берді

Сондай-ақ, Шымкент қ. Төтенше жағдайлар департаментін жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері 17 рет жылан аулауға шығу жасаған. Тек мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар 9 рет осы бағытта жұмыс атқарды. Осындай жағдай Самал-3 және Азат шағын аудандарында орын алды. Құтқару қызметінің «112» нөміріне сағат 12.52 -те Самал-3 Мәңгілік ел көшесіндегі бала-бақшалардың бірінде жылан табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды. Сондай-ақ сағат 15.25-те де Азат шағын ауданы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйде жылан табылғандығы туралы хабарлама түсіп, құтқарушылар тобы оқиға орнына шығып жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды.

Жыланмен кездескенде өзін қалай ұстау және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек.Ең алдымен, анықтауға тырыспай, жыланнан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда ол адамға ұмтылуға асықпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button