Новости

Шымкент ТЖД қызметкерлері: Балалар тек ата-аналарының бақылауымен шомылуы керек

Қара су өзенінің бойындағы бірлескен рейд кезінде «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенді жастары мен ТЖ қызметкерлері суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, тыйым салатын тақтайшалар орнатты.

Ең алдымен, ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналардың назарын шомылу кезінде баланың қауіпсіздігі оларға байланысты екендігіне аударды. Балалар тек ата-аналарының бақылауымен шомылуы керек. Тіпті балалар судың жанында ойнаса да, олар әрқашан көз алдында болуы керек. Өкінішке орай, ата – аналар екі минутқа назары басқаға аударылып, баламен бақытсыздық болған жағдайлар өте көп.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары баланың судағы жүрс-тұрыс ережелерін бірнеше рет айтуы керек екенін еске салады.

Шымкент қаласында триатлоннан мектептік ашық біріншілігі өткізілді. Бұл судағы спорттық іс-шараны Бадам су қоймасында Ләззат Тәжиева атындағы #4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер қалалық спорт мектебі ұйымдастырды. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қ.ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары кезекшілікте болды.Кезекшілік барысында құтқарушылар 2010 жылғы екі жасөспірім спортшыларға дер кезінде көмекке келіп, құтқарып алды.

Суда жүзу кезінде жасөспірім спортшылардың аяғы тартылып, суға бату қауіпі төнген болатын.Қырағылық танытқан құтқарушылар екі баланы аман алып қалды. Шара барысында Шымкент қ.ТЖ департаменті судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Биыл суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 орын бекітілген. Ал оның тек үшеуінде ғана  суға түсуге рұқсат етілген. Қазіргі таңда қала әкімінің қаулысымен суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген. Оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Олар: Бадам су қоймасындағы Рахат-Бадам, Тоғыс су қоймасындағы «Холодильник» демалыс орны, сонымен қатар, Қошқар Ата өзенінің бастауы. Қала аумағындағы барлық аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс атқарды. Суға түсуге тыйым салынған аймақтарда ереже сақталмаған жағдайлар да жоқ емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button