Новости

«Құқықтық көмек» жобасы аясында халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына құқықтық көмек көрсетілді

«Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б. Абдалиева, қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Е.Тлеуов пен Р.Нұрбеков азаматтарға құқықтық кеңестер берді.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру мақсатында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша сала мамандары халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

— Халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына қатысты саясат әр категория тұрғысынан алғанда әртүрлі, ол бірнеше бағыттан тұрады. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін төлем бар, оның өзі бірнеше деңгейден тұрады. Бұған қоса, білім беру және тұрғын үй саясатында белгілі бір жеңілдіктер бар, бірқатар медициналық қызмет түрі тегін көрсетіледі, бірқатар алым мен салықтан босатылады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2019 жылдың маусым айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, ол бойынша 20 жылға 10%-дық алғашқы жарнамен жылдық мөлшерлемесі 2% жеңілдетілген ипотека беріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдеріне сатып алусыз әлеуметтік үйді жалға алуда басымдық беріледі, — деді халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы,

Ал, денсаулық сақтау саласындағы қызметке бірқатар қымбат медициналық процедура, көптеген дәрілік препараттар, стоматология қызметі және басқа да жеңілдіктер кіреді. Дегенмен, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесінде өңірлік фактордың да маңызы зор, көп нәрсе жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне байланысты.

Халықтың әлсіз әлеуметтік тобына жататындардың ішінде белгілі бір категориялар мемлекеттің тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тек үй алып қана қоймай, өздеріне мейлінше қолайлы үйді таңдауға құқылы, ол үйдің арнайы құралдар мен жүріп-тұруға бейімделген болуын да талап ете алады. Мүгедектерге тиесілі қызмет түрлері тізімінде толыққанды өмір сүру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету де бар. Жетім балалар да кәмелеттік жасқа толғаннан кейін үй алуға құқылы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button