«Контрафакт» республикалық акциясы аясында құқық қорғау органдарымен дөңгелек үстел өтті

«Контрафакт» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралары туралы талқыланды.
Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – Шымкент қаласында зияткерлік құқықтарының қорғалуының тиімділігін арттыру және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып контрафактімен күресу.
Дөңгелек үстел барысында ортақ мәселе болған контрафактімен күресу кезінде туындайтын проблемалар мен оның шешу жолдары кеңінен талқыланып, бірлесе жұмыс жасауға бағыттар белгіленді.
Тауар белгілерін заңсыз пайдалану, бөтен брендтер қолдану, авторлық құқықтардың бұзылуы, бағдарламалық өнімдерді, аудио және видео жазбаларды заңсыз түрде көбейту, нарықта жақсы өтетін тауарларды жалған жасау контрафактіге жатады. Контрафакт брендттік тауарларды құртады. Әдетте, желілік немесе фирмалық дүкендерге контрафакт тауар түспейді. Сұр немесе параллельді импорт – құқық иеленушілердің жоспарларын шатастыру, санкцияланған тауардың өзге елге тасымалдануы. Сұр импорттың әр түрлі акторлары бар: ұсақ сауда фирмалары, ірі көтерме сауда компаниясы, алып — сатарлар және тіпті қайырымдылық қорлары.
Белгілі брендті жамылып, өз бетінше тауар таңбасына еліктеу, басқа өнім, бірақ атауы бойынша өте ұқсас және сыртқы ресімдеуге арналған танымал бренд, ол тұтынушыны жаңылыстыратындай етіп жасалады. Контрафактылердің әсерінен көптеген тауарлардың нарығында сұранысы азаяды. Контрафактілік өнімдермен ашық күрес жүріп жатқанымен, бастапқы өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылар практикада бұл мәселемен шынайы күреспейді.
«Контрафакт» республикалық акциясы аясында шығармашылық одақтың өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барасында авторлық құқық объектілерін тіркеудің және қорғаудың маңыздылығы талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан Әділет департаменті қызметкерлеріне қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.



