Новости

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін беру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймуратовтың және алқа адвокаттарының, Шымкент қаласы заң кеңесшілері Палатасының қатысуымен Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы А.Налибаевтың төрағалығымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында халық арасында құқықтық ақпарат беру және халыққа тегін заң көмегін көрсету мақсатында Қаратау аудандық сотында дөңгелек үстел өтті.

Басқосудың мақсаты – азаматтық істерге қатысты сот отырыстарында адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқылы азаматтардың санын арттыруға ықпал жасау мәселелері талқыланды.

– Кез келген азамат басына іс түскенде сіздердің көмектеріңізге жүгіне алады. Ал мемлекет тарапынан адвокатты кім қолдануға құқылы?
– Адвокаттардың ойында жүрген сауалды дөп бастыңыз. Басқа әріптестерім тәрізді мені де осы сауал ойландырады. Адвокат жалдауға материалдық жағдайы жете тұра мемлекет тарапынан адвокат пайдаланатындар көбейді. Бар мәселені мемлекеттің мойнына қамыт қып іліп қойған да жөн емес тәрізді. Қайсыбіріне болсын, жағдайы жетсе өз күшімен жүгінген жақсы. Сол үшін алдымен қорғау алушының жағдайы жан-жақты зерделенсе екен. Әйтпесе, шынайы мұқтаждар мен жағдайы келсе де жүгінетіндердің ара жігі жер мен көктей ғой.
– Жағдай жетсе-жетпесе деген бүгінгі қоғамның өзекті тақырыбы секілді. Заң көмегіне жүгінуге мүмкіндігі болмай жататын жандар кездеседі. Материалдық жағдайы «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің» күйіне түсіп, пұшайман күйде қалған ағайындарға сіздерден қандай көмек болады?
– Жұмыс барысында тегін заң көмегін беретін мемлекеттік кепілдендіруге енетін бірнеше категория бар. Біз олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Атап айтқанда, ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы» Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдайларда жүрген азаматтарға, атаулы әлеуметтік құқығы бар адамдарға, ҰОС қатысушылары мен оған теңестірілгендерге, І және ІІ топ мүгедектеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге, қиын әлеуметтік қаржылық жағдайда жүрген өзге адамдарға көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button