Новости

Интернет-алаяқтардан сақ болу және есірткілерді таратушылардың жүйелеріне кірмеу бойынша кеңестер берілді

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А. Исабекова және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Шымкент қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Д.Қалдыбаеваның қатысуымен Білім басқармасының №3 Шымкент балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге адам саудасының құрбаны болмау, интернет-алаяқтардан сақ болу және есірткілерді таратушылардың жүйелеріне кірмеу бойынша кеңестер беріліп, АХАТ, банктік қызмет, отбасы құқығы салаларында түсіндірмелер ұсынылды.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

-Тәжірибе көрсеткендей, алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет-парақшалар ашып, сайт жасап алады, не болмаса қылмыскер өзін заңды тұлға етіп көрсетіп, өз атына бірнеше пластик карта, банк шоттары және бірнеше абоненттік нөмір тіркейді. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып табылады,- деді Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Интернет алаяқтардың құрығына түспеу үшін жеке құжаттағы мәліметтер мен банк картасындағы мәліметтерді аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен код сөздерді өзін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырғандарға, интернет сатушыларға бермеу керек. Жеке деректерді тексерілмеген сайттар мен басқа да желілердегі «карта енгізіңіз» деген орындарға жазуға болмайды. Интернеттен қосымшаларды жүктеу үшін тек App Store мен Play Market-ті пайдалану керек, күмәнді сілтемелерді басып, телефонға қосымша жүктеуден сақ болу қажет.

Мәселен алаяқ: Өнім немесе қызмет үшін ақысын алдын ала төлеуді сұрайды. Жасырын сатып алушы ақшаңызды салып жіберем деп алдай отырып, тасымал үшін қызмет ақысын сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button