Новости

Шымкент: Полиция ескертеді!

Телефон алаяқтарынан сақ болыңыз! Қазіргі таңда қала тұрғындарына белгілі бір банктің қауіпсіздік қызметіненбіз немесе полициядан деп хабарласатын оқиғалар жиі кездесуде. Тіпті, кейбір адамдар сол алаяқтарға алданып, ірі көлемде шығынға ұшырап жататын жайттар болып жатыр.

Осы ретте тұрғындар қитұрқы әрекеттерге алданбай, алаяқтарға жем болмай, сақ болуға шақырамыз.

Интернет-алаяқтардан сақтанудың қарапайым әдістері

— Ешбір жағдайда банк қызметкерлерінің кредиттерді рәсімдеу , мүлікті сату, ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару немесе қарыз алу сияқты нұсқауларын телефон арқылы орындамаңыз. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ұялы байланыс арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін есте сақтаңыз;

— Ешкімге өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз. Пластикалық карталардағы деректер мен төлем туралы түбіртектерді, құпия сөздер мен пин-кодтарды адамдарға тіпті банк, полиция қызметкерлеріне де бермеңіз;

— Тексерілмеген сайттар мен белгісіз және жеке деректерге сенбеңіз. Онлайн сауда жасау кезінде тауарды алғаннан кейін төлем жасау туралы келісіңіз;

— Күмәнді келісімшарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, қаржылық схемалардан сақ болыңыз;

— Смартфонға қосымшаларды орнату үшін те ресми дереккөздер AP stor, Play Market және т. б. пайдаланыңыз;

— Төлем жасау үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

— Банк қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, гаджетіңізге 3D қорғауды және банктер ұсынған басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

— Ұялы телефон арқылы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыздар.

Айта кетейік, Президент өз сөзінде, «Мен бүгін қоғамда өзекті болып тұрған тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазір көптеген азаматтарымыз алаяқтардың айласына түсіп, алданып қалып жатыр. Сондықтан құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс. Оларға ешқандай жеңілдік жасалмауы керек. Себебі алаяқтардың жасаған әрекетінен халық зардап шегуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button