Новости

Шымкенттік тұрғынның бақшасынан жарты мыңға жуық апиын көкнәр бұталары табылды

«Қарасора» ЖПІШ барысында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері учаскелік аумақта рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде жергілікті тұрғынның ауласына құрамында есірткі заттары бар өсімдік еккенін анықтады.

Жұмыссыз ер адам есік алдындағы бақшасында басқа көкөністермен бірге тыйым салынған өсімдікті өсірген. Тексеру жұмыстары барысында жедел уәкілдер барлығы 500-ге жуық апиын көкнәр түптерін тәркіледі.

Аталған жайт, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді.

Сот ер адамды кепілмен босатты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу және өсіру үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі.

Тәртіп сақшылары мен «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өткізілді. Оған құқық қорғау қызметі және партия өкілдері, жастар мен еріктілер жұмылдырылды.

Аталған акция аясында олар бірлесе отырып есірткі заттары насихатталған және жарнамаланған орындарды анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде, қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткімен байланысты заттардың қысқаша атаулары, олар насихатталған интернет сілтемелердің немесе әлеуметтік желі парақшалары мен каналдардың атаулары жазылған мекенжайларды анықтап, арнайы бояулармен өшірді.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлері аталған жазуларды жазғаны және суреттер салғаны, есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамаланғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button